Қаратау қаласындағы балалар өнер мектебінде облыстық насихаттық топтармен кездесу болып өтті. Оған облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының лекторы, дінтанушы С.П.Култаев, Тараз қаласы «Намаз ата» мешітінің бас имамы Б.В.Мыңбаев, «Муслин» қоғамдық қорының төрағасы Қ.Ә.Әлішеров, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары А.Абдибекова, Талас ауданы мешітінің имамдары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, орта, арнайы орта оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушылары мен колледж білімгерлері, аудандық «Талас тынысы» газетінің өкілдері қатысты.
Толығырақ...
Жоспарға сайкес Талас ауданы «Қаратау» орталық мешітінде ауыл молдаларымен жиналыс өтті. Жиын басында аудан имамы Н.Алиев ауыл молдаларына жаңа сайланған мүфти жайлы сөз етіп, дін жолындағы қызметімізді одан әрі өрбітуге біргелікте атсалысу керектігін жеткізді.
Толығырақ...
14 наурызда Қордай ауданына облыстық ішкі саясат және дін істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлерінен құрылған үгіт-насихат тобы келді. Топты дін істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы бастап келді. Аталмыш топ мүшелерін Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбай күтіп алып, аудандық мешітпен аралатып, мешіттің жұмысымен таныстырды.
Толығырақ...
Кеше Жамбыл облысы бойынша құрылған насихат тобы Жуалы ауданы бойынша кездесулер өткізді. Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат ауылындағы «Қайрат» мешітінде халықпен кездесті. Кездесуге ауыл қариялары, мешіт имамдары және жамағаттары, сондай-ақ дінтану пәнінің мұғалімі Сүлейменова Дамира және Ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.
Насихат тобының басшысы, Жамбыл облысының өкіл имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы жамағатқа дін тақырыбында насихаттар айтты.
Толығырақ...
Кеше Жуалы ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаевтың бастамасымен аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде ауыл имамдарының жиналысы өтті. Жиналыс барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы берген тапсырмалары айтылды және ауыл молдаларының атқарған жұмыстары тыңдалды.
Толығырақ...
Қай заманда болса да білімнің құны өте жоғары болғандығы белгілі. Білім адамды қараңғылықтан нұрға жетелейтін дария екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Білім мен қараңғылықтың айырмасын Ұлы Жаратушы Аллаһ тағала өзінің қасиетті кітәбінде «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» («Зумар» сүресі, 9-аят) деп анық көрсетіп, Құран Кәрімде 670 жерде ілім жайында баян етеді.
Толығырақ...