МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Кеше Қордай ауданы, Қызыл партизан ауылының  №6 орта мектебінде «Дін және қоғам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы іс-шараға мектеп директорының орынбасары Ж.Сабырова, мектептің  ата-аналар комитетінің төрайымы А.Ниязова, осы ауылда орналасқан «Рахман» мешітінің имамы А.Малдыбаев және мектеп оқушылары қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округіне қарасты Түрксіб ауылында жаңа мешіт соғылуда. Осыған байланысты ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы ауыл қарияларымен кездесуге барды. Кездесуге келген ауданның бас имамын және Шайдана ауылының молдасы Тұрғынбек Оңғарбаевты Бесағаш ауылдық округінің әкімі Есен Қарамолдаұлы күтіп алып, ауыл қарияларына келген қонақтарды таныстырып, ауылда соғылып жатқан жаңа мешіттің ғимараты туралы айтты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аудан бойынша әр жылы екі дүниенің сәруәрі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған мәуліт айында жергілікті мешіттерде мәуліт шәріп оқылуда. Сүйікті де ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туылған қасиетті мәуліт айы турасында әр жұмада Алла елшісінің дүниеге келуі, жастық шағы, адамгершілігі, пайғамбарлық келгенге дейінгі халықтың жағдайы жайында уағыздар айтылуда. Ауданымыздың орталығы Мойынқұм ауылының мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі бастығы М.Көшкінбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қойгелдиев, ұстаздар мен оқушылардың, ауыл тұрғындарының мәуліт шәріп оқылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

1999 жылы дүниеге келген орыс ұлтынан шыққан  Ира  Иванова  анасымен бірге Шу аудандық  «Төле би» мешітіне келді. Анасы қызының Ислам дінін өз еркімен қабылдайтынын жеткізді. Осындай шешімге келуіңе не себеп болды деген сауалға, ол: «Мен мұсылман қыздарды көрген сайын қызығып тұрамын. Олардың тәртіптілігіне, әдептілігіне де қызығамын.  Қазіргі көп жастарда бар кемшіліктер оларда жоқ», - дегенді айта келе,  олардың сондай киген киімдері, жүріс-тұрысы, адаммен силасу қарым-қатынастары, осы сияқты басқада оларға көп қызығатын артықшылықтарын барын айтып түсіндірді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде «Имандылық» тақырыбында оқушылармен кездесу болып өтті. Кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы Ғ.Қуанышбекұлы, Шайдана ауылындағы «Сәтбай ата» мешітінің молдасы Тұрғынбек Оңғарбаев, ардагер ұстаз Алтынхан Сапарбеков шақырылды. Мектеп директоры Нышанбек Малдыбаев оқушыларды келген қонақтармен таныстырып, жастардың арасындағы келіспеушілік, бұзақылық жөнінде уағыз айту үшін ауданның бас имамы Ғ.Қуанышбекұлына сөз берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбайұлы  «Парасат» колледжінде «Діни экстремизімнің қоғамға келтіретін зардаптары» тақырыбында ұйымдастырылған арнайы жиналыста болып, студенттермен кездесті.