Жалынды жастардың жасампаз рухы.

Жалынды жастардың жасампаз рухы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Жамбыл политехникалық колледжінің» оқу залында ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі  Кеңесінің бастамасымен  және  Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен аудан және Тараз қаласында орналасқан жастар орталықтарының қызметкерлерін оқыту семинары болып өтті.

Семинар облыс әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бастығы Еркін Үйсімбаевтың  кіріспе сөзімен басталды. Осы семинарға әр ауылдық округтегі жастар орталықтарының үйлестірушілері де қатысты. Арнайы жиналыста  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы  Данияр  Жұмабаев: «Бүгінгі қоғамдағы жастарды толғандыратын мәселелер төңірегінде сөз қозғап, жастардың жарқын болашағына бірден бір жетекші  болатын нәрсе ол - иман», - деп атады.

Сонымен қатар, иман жоқ жерде қоғамда бүлік туатынын, асыл дініміз исламның адам баласына тигізер пайдасы мен құндылығын атап, Отан сүйгіш жастардың жігерін шыңдап, еліміздің ертеңі болатын жастарға имандылық тұрғысында ақыл-кеңес берді бас имам.

Орталық мешіттің найб имамы Ержан Аманбаев жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, игілікті бастаманың  сөз жүзінде  қалмай, іс-жүзінде атқарылса құба-құп екенін және  жастардың имандылыққа келуі  қоғамның орнықтылығы  мен  мәдени  өркендеуіне жол ашады деп түсіндірді.


                                                                               Көгедай Шәмерханұлы.

 

 ../pic/img/жастар.jpg

 

../pic/img/жастар2.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: