Шайқорық ауылындағы Мәуліт.

Шайқорық ауылындағы Мәуліт.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт бүкіл мұсылман әлемінде мейрам түрінде өткізіледі. Мәуліттің құрметіне, яғни пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күніне арналып мешіттерде уағыз айтылады, жамағатпен намаз оқылады, мұқтаждарға садақа таратылады.
Міне, осы істі перзенттік парыз ретінде қабылдаған Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылындағы «Айдарбек-ата» мешітінің имамы Ахметов Тұрар Төлешұлының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) ұлықтау мақсатында Мәуліт мерекесі аталып өтілді. Мерекеге арнап ауыл жамағаты жиналып дастархан жайды. Рухани мерекелік кеш «Бисмилләдан» басталып, облыстық түрік мәдени орталығының орынбасары Зуфаров Ибрагим және ауыл имамы Тұрар Төлешұлы құран бағыштап, Пайғамбарымыз жайында кеңінен сөз қозғады. Мешіт шәкірттері пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар оқыды.
Аталған шаранының өткізілуіне Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев, Шайқорық орта мектебінің директоры, ауыл тұрғындары да өз үлестерін қосты.

Шайқорық ауылындағы «Айдарбек-ата»

мешітінің имамы Т.Ахметов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: