«Конфессияаралық келісімді нығайтудағы этномәдени орталықтардың орны» атты тақырыпта семинар-кеңес.

«Конфессияаралық келісімді нығайтудағы этномәдени орталықтардың орны» атты тақырыпта семинар-кеңес.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2013 жылдың 28 ақпанында Жамбыл облысы Дін істері департаменті мен Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының бірлескен жоспарына сәйкес, Тараз қаласындағы «Достық» үйінде «Конфессияаралық келісімді нығайтудағы этномәдени орталықтардың орны» атты тақырыпта семинар-кеңес өткізілді.


 Іс-шараға Дін істер департаменті, облыс ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасының орынбасары, этномәдени бірлестіктердің және олардың жастар қанаты өкілдері мен Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы және «Шымкент және Тараз Епархиясы Успение Божией матери соборонының приходы» діни бірлестігінің настоятелі  қатысты. 


 Семинар-кеңестің мақсаты:
 - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «ХХІ ғасырдағы дін» атты тарауында айтылған мәселелерді талқылап, аталған мәселелерді шешудің нақты жолдарын айқындау;
 - Елбасы Жолдауында айтылған этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудың жолдары.
 Семинар-кеңес барысында:
 - Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы    Ассамблеясының хатшылығы меңгерушісі Л.Лысова;


 - Жамбыл облысы Дін істері департаментінің директоры С.Айдапкелов;
 - Тараз қалалық «Әулие Ата» мешітінің бас  имамы А.Керімбек;
 - «Шымкент Тараз Епархиясы Успение Божьей Матери» шіркеуінің настоятелі Ю.Власенко;
 - түрік этномәдени орталығының ақсақалдар  кеңесінің мүшесі И.Зуфаров;
 - Ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық   тобының төрағасының орынбасары философия ғылымының кандидаты П.Мамедова сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
 А. Керімбек өз сөзінде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның қарауындағы бүкіл мешіттер Әбу Ханифа мазһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал етеді. Бұл ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге қызмет ету деген сөз.


Дегенмен, әзір біздің қоғамда түсініксіз діни ағымдарға кіріп, кәсібін, оқуын тастап, дүииеден баз кешіп, елден бөлініп бір әлем болып жүрген жастар да бар.
Кез келген адамнан: "Саған демократия керек пе, әлде қауіпсіздік керек пе?" - деп сұрасаң: "Әрине, қауіпсіздік",- деп жауап береді. Қауіпсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік біздің еліміздің үлкен жетістігі. Дей тұрғанмен, мемлекет ішінде де, сыртында да шап ете түсер қауіп-қатерлер баршылық. Қазақстан көп ұлтты, көп конфессиялы ел. Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінде былай айтылған: "Кім де кім өзімен өзі болып, бейбіт өмір сүріп жатқан ғайыр дінді (исламнан басқа діндегі) біреуді өлтірсе, ол жәннаттың исін де иіскей алмайды. Ал жәннаттың иісі қырық жылдық қашықтықтан да сезіліп тұрады". Сондықтан бізге ұлттар мен діндер арасындағы достық, түсіністік қатынас өте қымбат. Елбасы Н.Назарбаевтың кемел саясатының арқасында бұған бүгінде қол жеткіздік. Осыны одан әрі ұстап тұру, дамыту, өркендету - кейінгі жас ұрпақтың міндеті.» - дей келе, бүгінгі таңда жастармен тығыз байланыста жұмыс жасаудың және оларды діни сауаттындырудың маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: