МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жуырда «Байзақ баба» мешітінде   ауыл имамдары қатысқан семинар болып өтті. Оны  осы мешіттің бас имамы  Азизов Рамиз Асимұлы қажы ашты.  Бұдан соң сөз алған облыс орталығындағы «Һибатулла ат Тарази» орталық мешіті жанындағы медресе директорының орынбасары, Тараз қаласымындағы « Молда Мұхамеджан» мешітінің  бас имамы И.Оразов  ислам дінінің адамзат қоғамындағы алатын орнына, оның шығу тарихына, әділдік пен адамгершілік, мәсхаб,  теріс пиғылдағы ағымдар туралы кеңінен түсінік берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін, қасиетті жұма күні Мойынқұм ауданы әкімдігінде өкіл имам Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы ауданның зиялы қауымымен кездесті. Кездесуді аудан әкімінің  орынбасары Бақытжан Есеев жүргізіп отырды.

- Облыс көлеміндегі діни ахуал қалыпты деуге болады. Әсіресе, Мойынқұм ауданында кереғар ағымдардың жоқтығы қуантады. Аудандағы тіркелген 13 мешіттермен тығыз қатынаста болып, олардың қызметтерінің сапалы болуын қадағалап отырамыз. Бір кездері ауданда мешіттерді тіркеу және олардың кадрлық мәселелерін шешу қиын болса, ал бүгінде аталған мәселелер оң шешімін тауып келеді.  Облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде ауданнан екі шәкірт білім алуда. Олар да күні ертең өз орталарыңызға оралатын болады, - деді Данияр қары Жұмабаев.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аптаның ардақты жұма күні  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев Шу ауданына арнайы атбасын тіреді.  Шу қалалық «Жәми» мешітіне жұма намазы үшін жиналған жамағатқа салиқалы уағыз айта келіп, мешіттің жаңа имамын таныстырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Үрпеков Қуат Дүйсенбайұлы Шу қаласындағы «Жәми» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бабалар тарихын бүкпесіз көз алдыңа әкелетін дүниелердің бірегейі, ол мұражайда сақталған жәдігерлер.
Әр сөреге ретімен қойылған көне бұйымдар, өткен тарихтың мирасындай. Көз жауын алар құнды дүниелерді көріп, өзің де сол дәуірде жүргендей күй кешесің. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты, орталық мешіт жанынан ашылған «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері облыстық мұражайды тамашалап, тарихтан тағылым алып қайтты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ислам діні тазалыққа ерекше мән берген. Қасиетті Құранда: «Сөзсіз, Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»(Бақара, 222) – деп, тазалықтың Алланың сүйіспеншілігіне лайық іс екені айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да тазалықтың маңыздылығы жайлы: «Тазалық – иманның жартысы», «Аллаһ тазалықты жақсы көреді»(Тирмизи. Сунән. Египет. 1937. Әдеб, 41) - деген. Медресенің шәкірттерін тазалыққа, мешітті таза ұстауға баулу мақсатында «ҺибатуллаТарази» медресесінің директоры, ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы Данияр қары Жұмабаевтың жетекешілігімен мешіт – медресенің ауласында тазалық шарасы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Наурыздың қарсы алдында ауданға қарасты мешіттерде тазалық іс-шаралары ұйымдастырылып, мешіт төңірегін қоқыстан тазалап, сырлау, әктеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық «Меркі-ата» мешітінің қызметкерлері мұндай іс-шарадан сырт қалмай мешіттің іші-сыртына тазалық жұмыстарын жүргізіп, тал-тарақ, гүл шоқтарын отырғызды. Тазалық жұмыстары одан әрі жалғасып, әр аптаның сенбі күні тазалық күні болып белгіленді.