Мешіт – медресе ауласында тазалық шарасы өтті

Мешіт – медресе ауласында тазалық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні тазалыққа ерекше мән берген. Қасиетті Құранда: «Сөзсіз, Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»(Бақара, 222) – деп, тазалықтың Алланың сүйіспеншілігіне лайық іс екені айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да тазалықтың маңыздылығы жайлы: «Тазалық – иманның жартысы», «Аллаһ тазалықты жақсы көреді»(Тирмизи. Сунән. Египет. 1937. Әдеб, 41) - деген. Медресенің шәкірттерін тазалыққа, мешітті таза ұстауға баулу мақсатында «ҺибатуллаТарази» медресесінің директоры, ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы Данияр қары Жұмабаевтың жетекешілігімен мешіт – медресенің ауласында тазалық шарасы өтті.

Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының бұлтартпас борышы болып саналады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей мешіт – медреседе өткен игі шараға қала тұрғындары да атсалысты. Тазалық шарасына қатысушылар мешіт – медресенің айналасын тазалап, орындықтарын жөндеп, әктеп-сырлап, ауланы арам шөптерден арылтып, қоқыстардан тазартты. Бұл игі шара, аула-атыздардың ретке келуімен қатар, тазалық ісіне жол ашса, сонымен қатар, қоршаған ортаның көктеп, көгеруіне де мол септігін тигізетіні сөзсіз.

Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: