Мұражайдан өткеннің ізін көріп

Мұражайдан өткеннің ізін көріп

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бабалар тарихын бүкпесіз көз алдыңа әкелетін дүниелердің бірегейі, ол мұражайда сақталған жәдігерлер.
Әр сөреге ретімен қойылған көне бұйымдар, өткен тарихтың мирасындай. Көз жауын алар құнды дүниелерді көріп, өзің де сол дәуірде жүргендей күй кешесің. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты, орталық мешіт жанынан ашылған «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері облыстық мұражайды тамашалап, тарихтан тағылым алып қайтты.

Медресе директорының орынбасары, Оразов Исатай « Бұл бастаманың шәкірттерге беретін әсері мол өте құнды сабақ. Мұражайдағы жәдігерлер арасында сақталған, тасқа қашалған жазулар мен Құрандарды көрген жастар ата-баларымыздың қандай болғанын түсініп, мыстан, қоладан жасалған зерлік бұйымдардан қандай озық ойлы шебер, даңқты ұлттың ұрпағы екенін сезініп, Отанға, елге деген махаббаттары оянып, білім алуға ықыластары артады.» деп түсіндірді. Халқымызда «Бұрынғыны айтпай, соңғы еске түспейді.»,- деген аталы сөз бар. Өскелең ұрпақ тарихын, салт-дәстүр мәдениетін білсе, өзгенің жылтырағына көз сатып, алдауына еріп кетпейтініне күмәнсіз сенеміз.


Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: