Ауыл имамдарының білімі жетілдірілуде

Ауыл имамдарының білімі жетілдірілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда «Байзақ баба» мешітінде   ауыл имамдары қатысқан семинар болып өтті. Оны  осы мешіттің бас имамы  Азизов Рамиз Асимұлы қажы ашты.  Бұдан соң сөз алған облыс орталығындағы «Һибатулла ат Тарази» орталық мешіті жанындағы медресе директорының орынбасары, Тараз қаласымындағы « Молда Мұхамеджан» мешітінің  бас имамы И.Оразов  ислам дінінің адамзат қоғамындағы алатын орнына, оның шығу тарихына, әділдік пен адамгершілік, мәсхаб,  теріс пиғылдағы ағымдар туралы кеңінен түсінік берді.

Аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметұлы жергілікті  жерлердегі халықтың діни сауатын көтеретін ауыл имамдары екендігін айтып,  өсіп келе жатқан жастарды да имандылық рухта тәрбиелеуде-ауыл имамдарының рөлін сөз етті.

Жиын  соңында  «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Р. Азизов   арнайы келіп ауыл имамдары алдында дәріс оқыған И. Оразовқа алғысын айтты.

Жалпы ауыл имамдарының сауатын, білім мен біліктілігін көтеру  мақсатында дәріс апта бойы жалғасатын болады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: