МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Діни алауыздық орнаған заманда құқық қорғау және әскери мекемелер қызметкерлерінің діни сауатты болуы баса назар аударатын жағдай. Қордай имамдары осыған дейін бірнеше әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткіздендерін хабарлағанбыз. Міне бүгін имани кездесулер өз жалғасын табуда. Гвардейск гарнизоны №75 263 және №15632 әскери бөлімдерінің арнайы шақыруымен аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы аталмыш әскери бөлімдердің жеке құрамымен жүздесіп қайтты. Кездесуге наиб имам Д.Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы К.Алияков, бөлім командирінің орынбасарлары подполковник К.Ә Қарабаев және подполковник Н.Т.Тәжиев  қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Маусым айының 4 жұлдызы күні аудандық орталық мешітте ауданға қарасты барлық имамдардың кезекті мәжілісін өткізді. Күн тәртібінде екінші тоқсан, яғни жарты жылдық жұмыс қорытындыланып, Діни басқарма тапсырған міндеттемелер бойынша Рамазан айына қатысты бірқатар жүктемелер берілді. Алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айында атқарылуы тиіс шаралардың әрбірі пысықталды.Төрт бағыт бойынша жұмыстар жоспарланып,тиянақталды.Әсіресе жазғы сауат ашу курсы жандандыру назарға алынды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу қалалық «Жами» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен, мешіт қызметкері Муналбеков Нұржан және  найб имам Қамаубаев Шаттық екеуі балалар күніне арнап, арнайы қалада тұратын 23 мүгедек балалардың көңілін сұрап мешіт тарапынан арнайы дайындалған сыйлықтарды үлестіріп, жағдайын біліп қайтты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алаш ақыны, М. Жұмабаев: «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп өсіру»- деген екен.  ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы  өкіл имамы, Жұмабаев Данияр қажының бастамасына сәйкес; 1- маусым балалар күніне орай Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» мешітінің  Бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясында» барып мерекелік тарту ретінде балаларға бағалы бұйымдармен тәтті-кәмпиттер үлестіріп беріп, балаларға жақсы көңіл күй силап, ұлылар өсиетін әңгімелеп берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы  орталық «Сұлтан» мешітінде  ауыл молдаларының басын қосққан  жиналыс өтті.  Жиналысты ұйымдастырудағы басты себеп, имамдардың көкейінде жүрген мәселені ортақ ақылдасып, діни қызметтің қарқынды жандану үшін атсалысу төңірегінде болды. Бас  имам Джадыраев Сұлтаншәріп қажы жиналысқа 27 ауыл молдалары  қатыстырды. Жергілікті билік өкілдерінен жиналысқа  аудандық салық комитетінің бас маманы Дауылов Орал,  аудандық ішкі саясат  бөлімінің маманы Мауырбаев Шакизат қатарлы азаматтар болды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қордай ауданы, Алға ауылында орналасқан «Омар» мешіті 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай көлемді іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда осы ауыл  имамы Н.Д Омаров және наиб имам А.Ахметчеевтың ұйымдастыруымен жетім, аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары және сауат ашу курсының шәкірттеріне түрлі сыйлықтар жасалынып, ізет көрсетілді. Мерекелік бағдарлама тоғыз жолдың торабында орналасқан  әйгілі «Ақ Бұлақ» халал кафесінде өз жалғасын тапты. Халал дәмханада бүлдіршіндер үшін дастархан жайылып,  өнегелі әңгімелер айтылды.