Шу шаһарында жаңа имам

Шу шаһарында жаңа имам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның ардақты жұма күні  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев Шу ауданына арнайы атбасын тіреді.  Шу қалалық «Жәми» мешітіне жұма намазы үшін жиналған жамағатқа салиқалы уағыз айта келіп, мешіттің жаңа имамын таныстырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Үрпеков Қуат Дүйсенбайұлы Шу қаласындағы «Жәми» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

   Үрпеков Қуат 1980 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген.

1997-1999 жылдар аралығында Түркия мемлекеті, Стамбул қаласындағы «Қожа Ахмет Яссауи» атындағы медресені үздік тәмәмдаған. Осыған дейін Қуат Дүйсенбайұлы Шу аудандық мешітінің найб имамы, Мойынқұм аудандық мешіттің Бас имамы қызметтерін атқарған.

   Ал, бұған дейін аталған мешітте Бас  имам қызметін атқарған Әбдірасул Қасымовтың мешіттің найб имамы болып тағайындалды.

   Данияр Әлимұхамедұлы 30 жылға жуық дін қызметін алғыс айта келіп, Әбдірасул мырзаның иығына шапан жауып, басына бөрік кигізді. 

Әбдірасул мырза өз кезегінде: - Мешітті ашу жылдары кеңес үкіметінің дәуіріне тұспа-тұс келгендіктен, рұқсат қағазды Мәскеуден алдырдық, міне сол жылдардан бері қарай аттай 30 жыл өтіп жамағатпен бірге жасап келеміз – деп, жаңа имамға сәттілік тілеп, аса таяқ сыйлады. Кейін көпшілікпен бірге жұма намазы оқылып, құран бағышталды.

Қуат Дүйсенбайұлының дін қызметінде толайым табыстарға жетуіне тілектестік білдіреміз.

 

     Шу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: