Қарабөгет ауылында қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа «Ислам және адал қоғам» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды. Насихатты «Қарабөгет» мешітінің имамы Арсен Құлтаев жүргізді.
Жұма уағызы барысында адалдық, әділдік, жауапкершілік және қоғамдағы өзара сыйластық сынды ислам құндылықтарының маңызы кеңінен түсіндірілді. Имам жамағатты адал еңбек етіп, қоғам тыныштығын сақтауға, бірлік пен татулықты нығайтуға шақырды.
Жамағат уағыздан рухани әсер алып, ислам дінінің адам мен қоғам өміріндегі орнына қатысты маңызды ой түйді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

