Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде Әйел-қыздар секторының бастамасымен кезекті Құран хатым дұғасы ұйымдастырылды. Рухани шараға жиналған жамағат қасиетті Құран аяттарын тыңдап, жүректерін иманмен нұрландырды.
Хатым дұғасы барысында елдің тыныштығы, отбасылардың берекесі, ұрпақтың амандығы мен имандылығы үшін арнайы дұғалар жасалды. Жиынға қатысқан аналар мен қыз-келіншектер мұндай кездесулердің рухани тәрбиедегі маңызы зор екенін атап өтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

