#Шу: «Төле би» мешітінде «Қасиетті айлар» тақырыбында семинар өтті

#Шу: «Төле би» мешітінде «Қасиетті айлар» тақырыбында семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Төле би» мешітінде мешіттің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен орыс тобы арасында «Қасиетті айлар» атты тағылымды семинар өткізілді. Шараның басты мақсаты – шәкірттердің діни білімін арттыру және рухани танымын кеңейту болды.

Семинар барысында қатысушыларға қасиетті айлардың маңызы жан-жақты түсіндіріліп, білімді бекіту мақсатында викториналық сұрақтар мен түрлі ойындар ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан шәкірттерге естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, мешіттің түрлі іс-шараларына үнемі атсалысып жүрген шәкірттер «Төле би» мешітінің бас имамының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: