#Шу: Ауданда “Дін – тәрбие діңгегі” атты дөңгелек үстел өтті

#Шу: Ауданда “Дін – тәрбие діңгегі” атты дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты Абай ауылында жастар тәрбиесіне арналған маңызды рухани іс-шара ұйымдастырылды. Ауылдағы «Оспанәлі» мешітінің имамы Оңғарбаев Бақдәулеттің ұйымдастыруымен ауыл мектебінің оқушылары мен ұстаздарына арнап “Дін – тәрбие діңгегі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында имам діннің қоғамдағы, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне кеңінен тоқталды. Ол ислам дінінің адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштік пен ізгі мінезге тәрбиелейтін құндылықтарын түсіндіріп, дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайында тағылымды ойларымен бөлісті.

Іс-шараға қатысқан оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қазіргі қоғамдағы діннің орны, жат ағымдардан сақтану, дұрыс діни түсінік қалыптастыру мәселелері төңірегінде пайдалы ақпарат алды. Ал мұғалімдер тарапынан жасөспірімдерге рухани-адамгершілік тәрбие берудегі мектеп пен мешіттің өзара байланысын нығайту қажеттігі айтылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: