«Төле би» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті Ережеп айына орай жамағат дастархан басында бас қосты. Рухани әрі тағылымды жүздесу жамағаттың бірлігін нығайтып, имани орта қалыптастыруға арналды.
Дастархан барысында мешіт ұстаздары жиналған жамағатқа Ережеп айының мән-маңызы туралы кеңінен тоқталып, бұл қасиетті айды қалай дұрыс әрі сауапты өткізу керектігі жөнінде уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ құлшылықты арттыру, ізгі амалдарға мән беру туралы пайдалы кеңестер берілді.
Мұндай рухани басқосулар жамағаттың діни сауатын арттырып, жүректерге иман нұрын себері сөзсіз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

