#Шу: Белбасар ауылында имандылық тақырыбы талқыланды

#Шу: Белбасар ауылында имандылық тақырыбы талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Белбасар ауылындағы Мәдениет үйінде «Имандылық – қастерлі қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тағылымды шараға ауыл тұрғындары қатысып, рухани құндылықтардың қоғамдағы маңызы жөнінде ой бөлісті.

Аталмыш ауылдық мешіттің имамы Бақыт Тілемісов жүргізіп, өз сөзінде имандылықтың адам өміріндегі, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін атап өтіп, адамгершілік, сыйластық, сабыр мен жауапкершілік секілді қасиеттердің дінмен және ұлттық дәстүрмен сабақтас екенін кеңінен түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қоғамдағы рухани тәрбие, отбасылық құндылықтар және діннің тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты. Шара еркін форматта өтіп, сұрақ-жауапқа ұласты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: