«Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт аумағында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Игі шараның басты мақсаты — жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету болды.
Жәрмеңке барысында жиналған қаражат жамағатымызда сырқаттанып жатқан әпкемізге табыс етіліп, оған материалдық әрі моральдық қолдау көрсетілді.
Бұл жәрмеңке — бірлік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі болып, мешіт жамағатының өзара қолдау мен бауырмалдыққа негізделген рухани тұтастығын тағы бір мәрте көрсетті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

