#Шу: Қайырымдылық – қыстың суығында жылытқан ізгі амал

#Шу: Қайырымдылық – қыстың суығында жылытқан ізгі амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қылышын сүйретіп қыс келсе де, қазақы ортада адамгершілік пен мейірімнің оты сөнген емес. «Қысты көріп, жаздың қадірін білеміз» деген халық даналығы осындай сәттерде айқын сезіледі.

Осы асыл құндылықты ту еткен «Жиенбет Жексенбай» мешітінің жамағаты қайырымдылық ниетпен бір ірі қараны соғымға шалып, тұрмысы төмен, тағдыр тәлкегіне түскен жандарға қолдау көрсетті. Игі бастаманың ұйытқысы болып жүрген мешіт имамы Бердібеков Шүкірәлі бастаған азаматтарға жұртшылық шынайы алғысын білдіруде.

Әз Пайғамбарымыздың (с.а.с) «Өзі тоқ болып, көршісі аш жатқан бізден емес» деген хадисін өмірлік ұстаным еткен жамағаттың бұл әрекеті мұсылмандық бірліктің нақты дәлелі болды.

Қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, мұқтаж жандардың көңіліне үміт ұялатқан бұл сауапты іс ел ішінде ризашылық пен алғысқа бөленді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: