Жуалы: Мешіт жанынан асхана ашылды

Жуалы: Мешіт жанынан асхана ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты Қарабастау ауылдық «Билікөл» мешіті жанынан  асхана ашылды.

Асхананың ашылу салтанатына Жуалы аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы, ауыл имам-молдалары және аймақтың ақсақалдары мен жергілікті тұрғындары қатысты.

Шара барысында аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы азаматтардың еңбегін айтып, игі іске атсалысқан жандарға алғыс айтып, батасын берді. Елдің амандығы мен тыныштығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі. Сондай-ақ, имамдар, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді.

Одан кейін, бас имам жергілікті жамағатпен жүздесіп, «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында уағыз-насихат айтты.  Жоғары деңгейде аталып өткен мешіт асханасының ашылу салтанатында берекелі дастархан жайылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: