Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғат мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады. Қайырымдылықты күнделікті тұрмыста қажетті азық-түлікпен берді. Бұл қайырымды іс тұрмысы төмен жеті отбасыны қамтыды.
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген.
Өз отбасымыздан бастап, көрші-қолаң, ағайын-туыстарға, жалпы жұртқа шарапатымызты шашып, қайырымдылығымызды көрсету – мұсылмандық әрі азаматтық борышымыз.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

