Жуалы ауданы, Көлбастау ауылдық «Құлый баба» мешітінде Мектепке жол акциясы өткізілді. Көлбастау аыулында көп балалы, жағдайы төмен бір от басына демеушілік арқылы жәрдем берілді.
Мұқтаж отбасының 4 баласына, атап айтқанда екі ұл, екі қызына толықтай күздік және қыстық аяқ- киімдер, спорттық киімдер мен мектепке керекті жабдықтарын алып берді.
Үйге керекті азық түлік себеті берілді. Жартылған ақша құны 270 000 тенгені құрады.
Бұл шара тек материалдық қолдау көрсетіп қана қоймай, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қамқорлықтың, қолдаудың және ілтипаттың белгісіне айналды. Демеушілік танытқан ер азаматтарға Алла Тағала разы болсын!-деп Бақытжан Айбатбекұлы ризашылығын білдірді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

