Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылы «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жүзеге асырылды. Қайырымдылықта жағдайы нашар отбасыларға қой еті таратылды. Қуанған отбасы мүшелері ауыл имамына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Алла Тағаланың бір адамның ризығы мен нығметін өзге кісілерден артық не кем беріп қоюында үлкен хикмет бар. Демек, байдың малында мұқтаждың хақысы бар деген сөз. Дәулетті кісі Алланың берген нығметін Оның разылығы жолында садақа етсе – үлкен сауапқа кенеледі.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

