Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық «Көкдөнен» мешітінің азаншысы Баушыбаев Кенжеханның ұйымдастыруымен тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасалды. Қайырымдылық етпен және киім-кешекпен атқарылды. Қайырлы іс ауылдағы 10 мұқтаж отбасыны қамтып, оларға қуаныш сыйлады.
Қайырымдылық жасау-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке мұқтаж жанның жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
Қоғам үшін ең маңызды дүние – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік танытқан сайын өз өміріне де соншалықты жақсылық жасап, жақсылыққа қадам бастап жатқандығын ұмытпаса керек.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

