#Меркі ауданында әйел-қыздар жамағатында Мәуліт мерекесі өтті

#Меркі ауданында әйел-қыздар жамағатында Мәуліт мерекесі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданында әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Шара Жүніс молда мешітінің ұстазы Бота Меңдібайқызы мен Меркі ата мешітінің ұстазы Тілеубердиева Медина ұстаздардың ұйымдастыруымен өтті.

Мерекелік жиында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмірі мен өнегесі жайында тағылымды уағыздар айтылып, мәуліт жыры оқылды. Сондай-ақ, әйелдің қоғамдағы және отбасындағы рөлі, имандылық пен ізеттіліктің маңызы туралы рухани әңгімелер қозғалды.

Кездесуге қатысқан әйел-қыздар жамағаты мерекелік көңіл-күймен, рухани әсер алып тарасты.

Меркі аудандық  “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: