Тараз қаласында «Кеңесхан қажы» мешітінің ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында қалааралық волейбол турнирі өтті. Спорттық сайысқа өңір мешіттерінен белсенді ұстаздар мен шәкірттер қатысты.
Атап айтқанда, «Һибатулла Тарази» мешітінен ұстаз Жазира Иманалиева, «Ән-Нағим» мешітінің ұстазы Айнұр Мұсабекова, «Нәметбай» мешітінің ұстазы Лейла Арыстанбекова, сондай-ақ ұйымдастырушы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы шәкірттерімен бірге қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде үздік ойыншылар мен командалар кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегерлерге 1, 2, 3-орындар табысталды.
Бұл шараның мақсаты — әйелдер жамағатының салауатты өмір салтын насихаттау мен бауырмалдықты арттыру болып табылады.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

