Меркі: Жүніс молда мешітінде Құранды мәнерлеп оқу сайысы өтті

Меркі: Жүніс молда мешітінде Құранды мәнерлеп оқу сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданындағы Жүніс молда мешітінде Құранды мәнерлеп оқу бойынша жамағат арасында сайыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Құран Кәрімге деген сүйіспеншілікті арттыру, жамағаттың оқу мәдениетін жетілдіру және қасиетті кітапты дұрыс, мәнерлі оқуға ынталандыру болды.

Сайыс барысында қатысушылар Құран аяттарын көркем дауыспен, тәджуид қағидаларына сай оқып, өз шеберліктерін көрсетті.

Шара соңында белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарға мешіт ұжымы атынан сыйлықтар таратылып, қатысушыларға игі тілектер айтылды.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: