#Меркі ауданында әйелдерге арналған уағыз-насихат өтті

#Меркі ауданында әйелдерге арналған уағыз-насихат өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданында қыз-келіншектерге арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Шараға Жамбыл облысы әйел-қыздар істері жетекшісі, ұстаз Жазира Иманалиева арнайы қатысып, әйелдің білімі мен тәрбиесі тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында ұстаз әйелдің қоғамдағы және отбасындағы орны, оның ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі, сондай-ақ білім мен имандылықтың маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Шараға қатысқан қыз-келіншектер ұстаздың насихатынан рухани әсер алып, өмірлік маңызы бар кеңестерге қанықты.

Меркі аудандық  “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: