Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық пен ізгілікке негізделген игі дәстүр жалғасын табуда. Қызылорда облысы, Қазалы қаласының тумасы — Раш Жаңарыс Хамидұлы уақыпқа өз үлесін қосып, мешітке ресми уақыпнама берді.
1998 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген Жаңарыс Хамидұлы бүгінде Тараз қаласында «Monteo Parfum» кәсібін жүргізіп келеді. Ол өз кәсібінен түскен табыстың бір бөлігін діни, рухани және әлеуметтік бағыттағы істерге арнауды жөн санаған.
Аталған уақыпнаманы қабылдап, рәсімдеуге «Һибатулла Тарази» мешітінің азаншысы әрі уақып қорына жауапты өкіл — Амангелді Дәулет қатысты.
Мешіт ұжымы бұл ізгі амалдың басқа да кәсіп иелеріне үлгі боларына сенім білдірді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

