"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 25 қазан — Республика күніне орай студенттер мен ұстаздардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиында оқу орнының директоры Жарбол Болатұлы, директордың орынбасары Истай Оразов және Оқу ісі бойынша директордың орынбасары Меруерт Құрманбаева жастарды мерекемен құттықтап, елдік мерей мен ұлттық бірліктің маңызын атап өтті. Олар тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі жетістігі — өткеннің еңбегі мен келешек ұрпақтың жауапкершілігі екенін тілге тиек етті.

Шара барысында студенттерге сыйлықтар табысталып, Республика күнінің ел тарихындағы маңызы мен тәуелсіздік құндылығы жайлы тағылымды ойлар айтылды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: