Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға иман келтіріп, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі», – деп айтқан.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Ханафи» мешітінде қайта өңдеу (жөндеу) жұмыстары жүргізілуде. Мешіт молдасы Удый Харбидің ұйымдастыруымен Алланың үйіне ерекше құрмет көрсетіп, жөндеуге атсалысқан барша жандардың садақалары қабыл, мұраттары асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

