Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғам мен халық игілігі үшін жасалған сауапты істер «садақа жария» деп аталады. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше мен көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тарту немесе құдық қаздыру – мұның барлығы халыққа пайдалы ізгі амалдар.
Тіпті мұсылманның көңілін көтеріп, үміт сыйлау, ештеңе бере алмасақ та, оған жылы жымиюдың өзі – сауап. Сауапты көктен іздеудің қажеті жоқ, ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – қайырлы істің бірі.
Осы мақсатта Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қақпатас ауылы «Қақпатас» мешіті имамы Танекеев Жармаханбеттің ұйытқы болуымен жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіліп, жалпы сомасы 60 000 теңге жұмсалды. Ізгі амалдар көп болсын және қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

