Жуалы аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде діни сауат ашу курстары үздіксіз жүргізілуде. Мешіт ұстазы Смағамбетова Клара Диханбайқызының бастамасымен дүйсенбі-жұма күндері аралығында арнайы дәрістер өтеді. Сабақ барысында Құран әліппесі, тәжуид, құлшылық негіздері (ақида, фиқһ), сира сынды пәндер оқытылып, шәкірттерге жан-жақты діни білім берілуде.
Бұл игі бастама қыз-келіншектердің діни сауатын арттырып, рухани білімін тереңдетуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



25 Апрель 2026
8 Зуль-каада 1447

