Жуалы: Кәсіпкер ауыл тұрғынына пәтер кілтін табыстады

Жуалы: Кәсіпкер ауыл тұрғынына пәтер кілтін табыстады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында сауапты іс жасалды. 1992 жылғы азаматтар, соның ішінде кәсіпкер Бақтияр бауырымыз медицина саласында қызмет атқарып жүрген ауыл тұрғынына үлкен қолдау көрсетті. Ол өзі жалға тұрып жатқан үйді сатып алып, пәтер кілтін табыстап, зор қайырымдылық жасады.

Бұл игі бастамаға кәсіпкердің құрдастары да атсалысып, Құдайы ас беріп, қой сойып, дастархан жайды. Ауыл имамы Орынбасарұлы Қуаныш кәсіпкер азаматқа ақ батасын беріп, үйлі болған отбасыға жүрекжарды тілегін жеткізді. Сонымен қатар, ол жиналған жұртқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Шара барысында ауыл әкімі мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы да сөз сөйлеп, жаңа қоныс иесін құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Осындай қайырымды жандардың арқасында қоғамда мейірімділік пен бауырмалдық арта түсуде.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: