Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай, дін саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, асыл дініміздің көркеюіне сүбелі үлес қосқан Жуалы ауданының имамдары марапатталды.
Облыстың бас имамы арнайы алғыс хатпен Қосбөлтек ауылдық «Ән-нұр» мешітінің имамы Сүгірбеков Алғабек, Қайрат ауылдық «Қайрат» мешітінің имамы Сарыпбеков Сауранбек, Күреңбел ауылдық «Күреңбел» мешітінің молдасы Исақов Рамазан және Қошқарата ауылдық «Дәурен» мешітінің имамы Таңатаров Нұрмаханды марапаттап, олардың еңбегін жоғары бағалады.
Бұл құрмет – дін қызметкерлерінің ел арасындағы рухани тұтастық пен имандылықты насихаттаудағы қажырлы еңбегінің айғағы. Қасиетті міндетті абыроймен атқарып жүрген имамдарымызға алдағы уақытта да табыс пен жақсылық тілейміз.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі