Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде Бараат кешіне орай тағылымды шара өтті. Мешіт ұстазы Смағанбетова Клара Диханбайқызының ұйымдастыруымен шәкірттер Құран хатымын оқып, дұға жасап, артынша ақ дастархан жайылды.
Кеш барысында ұстаз Клара Диханбайқызы Бараат түнінің артықшылығы мен қадір-қасиеті туралы кеңінен баяндап, жамағатқа тағылымды уағыз айтты. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айына дайындық барысы талқыланып, жоспарлар пысықталды.
Бұл рухани кеш жамағаттың имани білімін арттырып, береке мен бірлікке бастайтын ізгі басқосу болды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі