Жуалы ауданында мекемелер мен ұйымдар арасында өткен аудандық кіші футбол лигасы өз мәресіне жетті. Төрт айға созылған тартысты додада 20-дан аса команда бақ сынасып, үздіктер анықталды.
Жарыс барысында ойыншылар өз шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі сәттер сыйлады. Жуалы мешіттерінің командасы үздіктер қатарынан көрініп, кіші кубоктың жүлделі екінші орнын иеленді.
Аудан тұрғындары мен спортсүйер қауым үшін ерекше маңызға ие болған бұл турнир бұқаралық спорттың дамуына серпін беріп, салауатты өмір салтын насихаттау жолында маңызды шараға айналды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі