Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл а/о Жылыбұлақ ауылындағы дүкен иелері спирттік өнімдер сатпауды қолға алған. Азық-түлік дүкенінде алкогольдік ішімдік мүлде сатылмайды.
Мұндай шешімді ауыл әкімі және ауыл полиция қызметкерімен ауыл тұрғындары мен ауыл имамы Орынбасарұлы Қуаныш және мешіт жамағаттары жас ұрпақты азғырмау үшін ақылдаса отырып қабылдады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.