Жуалы ауданы, Көлтоған ауылындағы мәдениет үйінде «Тұрыс баба» мешітінің имамы Сабырбекұлы Әсеттің қатысуымен «Дін мен қоғам» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Шараға ауыл тұрғындары мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында имам Сабырбекұлы Әсет діни сенім бостандығы, азаматтардың құқықтары және діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне ерекше тоқталды. Ол қоғамдағы рухани тұрақтылық пен діни сауаттылықтың маңыздылығын айта келе, жастарды деструктивті ағымдардың ықпалынан сақ болуға шақырды.
Кездесу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, діни сауаттылықты арттыруға қатысты пайдалы ақпарат алды. Мұндай шаралардың маңыздылығы зор екені айтылып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған осындай кездесулерді жиі ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі