ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ТАРАЗ МЕШІТТЕРІНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ТАРАЗ МЕШІТТЕРІНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Тараз қаласының мешіттерін арнайы жұмыс сапарымен аралады. Зерделеу жұмыстарын жүргізу делегацияның құрамында облыс бас имамының көмекшісі Ілияс Дәулеткерімұлы, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамдары Нұрлан Мұрат, Әбжаппар Әмір және Мешіт істері жөніндегі меңгеруші Халид Қожахметов болды. 

Алдымен қалалық “Әулие ата” мешітіне ат басын бұрып, Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаевпен дидарласты. Кездесу барысында мешіттің жалпы жағдайы, құжаттамасы, тазалығы мен намаздардың өткізілу тәртібі жан-жақты тексерілді. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарының барысы талқыланып, ұйымдастыру шараларына баса назар аударылды.

Облыс бас имамының зерделеу жұмыстары “Кеңесхан қажы” және “Мірхалық” мешіттерінде жалғасты. Ол мешіт имамдарымен жүздесіп, атқарылып жатқан игі істерді саралады. Жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай жасау, мешіттердің қызмет сапасын арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Рамазан айының жоғары деңгейде өтуі үшін нақты тапсырмалар жүктеліп, мешіт қызметкерлеріне жамағатпен тығыз жұмыс істеу, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру, ауызашар өткізу тәртібін реттеу секілді маңызды міндеттер жүктелді.

Бұл тексеріс алдағы қасиетті айда мешіттер жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

МІРХАЛЫҚ ҚАЖЫ МЕШІТІ

КЕҢЕСХАН ҚАЖЫ МЕШІТІ

 

ӘУЛИЕ АТА МЕШІТІ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: