Қари атанған қос шәкіртке ұмра қажылығына жолдама сыйға тартылды

Қари атанған қос шәкіртке ұмра қажылығына жолдама сыйға тартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті жұма күні ерекше қуанышты сәт орын алды. Қарилар курсын сәтті тәмамдаған қос шәкіртке ұмра қажылығы сыйға тартылды. Жамағат алдында облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы дұғасын жасап, жастарды жамағатқа таныстырып сыйлықты табыстады. 

Қасиетті Құранды толығымен жаттап, «қари» атағын алған Нұрғали Абдурахман мен Жұмайев Ибраһим – болашағынан зор үміт күттіретін жас қарилар. Нұрғали Абдурахман Құран жаттауды 2022 жылы бастап, 2025 жылы аяқтады. Оның алғашқы ұстазы – қазіргі Талас ауданының бас имамы Жалғас Жұбатқанов. Ол шәкіртін 1 параға дейін жаттатып, діни тәлім-тәрбие беріп, ары қарай жалғастыру үшін ұстазы Амангелді Бірлікке тапсырған. Осылайша, Нұрғали Абдурахман өз білімін жетілдіріп, қасиетті кітапты толықтай жаттап шықты.

Ал Жұмайев Ибраһим Құранды 2023 жылы жаттай бастап, 2025 жылы тәмамдады. Осылайша, Ибраһим облыстық мешіттің жанынан ашылған курсты аяқтаған қарилар тізіміндегі 15-ші қари атанса, Нұрғали 16-шы қари ретінде есімі жазылды.

Екі шәкіртке ұмра қажылығы сый ретінде табысталды. Бұл – олардың қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденісіне берілген үлкен марапат. Жас қарилар ендігі кезекте келер жылғы тарауих намазына дайындық жүргізетін болады.

Алла Тағала олардың білімін арттырып, елімізге игі қызмет етуін нәсіп етсін!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: