"Ораза, қиямет күні ауыз бекіткен жан үшін шапағат етеді. Сол күні ораза Хақ Тағалаға: "Уа, Раббым! Мен оны күндізгі барша ішіп-жеу, ләззат атаулыдан тыйдым. Сол себепті, оған деген шапағатымды қабыл ете гөр!" деп тілек тілейді. Аллаһ Тағала да оразаның бұл тілегін қабыл алып, оның шапағат етуіне рұқсат етеді".
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының қатысуымен Қаракемер ауылында әйел-қыздар жамағатымен "Айлардың султаны- Рамазан " атты рамазанға даярлық рухани кеші өтті. Кештің қонақтары: Аудандық "Қордай "мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы, Әжелер алқасы мүшелері, Қарасу ,Өтеген ,Булан Батор ауылы әйел-қыздар жамағаты. Бас қосуды Құранмен ашып, ақ жаулықты аналар бата берді. Қонақтарға сөзі беріліп және ойындар ойнатылды. Ойынға ат салысқан жеңімпаздарға сыйластықтар таратылды. Эльмира Аманқожақызының " Қасиетті айлар" тақырыбында насихаты және Әжелер алқасы мүшелерінің көпшілікке айтқан жылы сөзімен кеш аяқталды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі