ДІНИ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ДІНИ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде шәкірттер арасында діни-интеллектуалдық «Сира-Quiz» сайысы өтті. Іс-шараны колледж директорының орынбасары Исатай Оразов ұйымдастырды.

Білім сайысы алты кезеңнен тұрды: «Ойлан, тап», «Сөз жасам», «Күрделі сұрақтар», «Ұстаздан сұрақ», «Аудио-сұрақтар» және «Тәуекел». Әр кезеңде шәкірттердің пайғамбар тарихына (Сира) байланысты білімдері сыналды. Интеллектуалдық жарыс тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің білімдерін тереңдетіп, жаңа мәліметтермен толықтырды.

Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың шәкірттердің діни білімін арттыруға әрі ой-өрісін дамытуға үлкен ықпал ететінін атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: