"Я, Алланың Елшісі, мен сенің өзге айларға қарағанда Шағбан айында үнемі ораза тұтып жүргеніңді көрдім". Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: "Бұл Режеп пен Рамазан айларының ортасындағы ай – Шағбан. Алайда мұны көптеген адамдар елеусіз қалдырып жатады. Осы айда жасаған амалдарымыз Алла Тағаланың құзырына көтеріледі, сондықтан да мен де амалдарымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын".
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында Ражаб айында басталған марафон, Шағбан айында жалғасуда.
Күнделікті құлшылықтарға қосымша , нәпіл ораза мен намаздар, таңғы кешкі зікірлер, садақа, зиярат, жақсылыққа шақыру,жамандықтан қайтару сынды ізгі амалдар жүйелі түрде, адамның өзін-өзі есепке тарту бойынша орындалуда. Және де күнделікті есеппен ұстаздардың бақылауында. Осындай себептермен нәзік жандылар өз нәпсісін тәрбиелеуге жәрдем беруде.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі