ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында халал өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Қасиетті жұма күні Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы өңірдегі бірнеше кәсіпкерге "Халал" стандарттауынан өткенін растайтын сертификаттар табыстады.

Бұл бастама адал ас өндірушілерді қолдап, халыққа сапалы әрі шариғат талаптарына сай өнім ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Сертификатқа ие болған кәсіпкерлер қатарында шұжық өнімдері, фаст-фуд және жартылай фабрикаттар өндіретін кәсіпорындар бар.

Сертификат иегерлері:

  • ЖК Байданов – шұжық өнімдері

  • ЖК Дүйсен – фаст-фуд өнімдері

  • ЖК United.kz – фаст-фуд өнімдері

  • ЖК Аскөп – жартылай фабрикаттар

  • ЖК Азиомов – шұжық өнімдері

  • ЖК Исаев – шұжық өнімдері

Бас имам кәсіпкерлерге адал өнім өндірудің жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, халал стандарттарын қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар, халықтың таза әрі сенімді өнімдерге деген сұранысы артып келе жатқанын, бұл бағытта кәсіпкерлердің сапаға ерекше мән беруі керектігін жеткізді.

Сертификатқа ие болған кәсіпкерлер "Халал Даму" жүйесіне сенімдерінің жоғары екенін айтып, сапалы өнім ұсынуды жалғастыратындарын мәлімдеді.

ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысындағы жауапты маманы Аблайхан Ғабитұлының айтуынша, соңғы жылдары тұтынушылар халал өнімдерге ерекше мән беріп, шұжық, кондитерлік өнімдер, фаст-фуд және жартылай фабрикаттардың сапасы мен құрамы жөнінде жиі сұрау сала бастаған. Осыған байланысты, халал сертификаты бар кәсіпорындардың саны көбейіп, өңдірушілер арасында бәсекелестік арта түсуде.

Жамбыл облысында халал өнімдер өндірісін дамытуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: