Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылында "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен ауыл кітапханасында "Ізгі ұрпақ – өзімізден басталады" атты кездесу өтті.
Бақдәулет имам өз баяндамасында ұрпақ тәрбиесінің негізі ата-ананың өзінен басталатынын, баланың жақсы азамат болып қалыптасуы ең алдымен ата-ананың іс-әрекеті мен тәрбиесіне байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, ізгі ұрпақ тәрбиелеу үшін алдымен өзіміз түзелуіміз керек деген маңызды ойды жеткізді.
Жиын соңында кітапхана ұжымы имамға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін айтып шығарып салды.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.


07 Ноябрь 2025
16 Джумада-авваль 1447

