Талас ауданы, Аққұм ауылында "Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абат Дәуреннің ұйымдастыруымен ауыл мешітінде жастардың діни сауатын ашу мақсатында арнайы "Сауат ашу" курсы ашылды.
Дәурен имам жаңадан келген шәкірттерге шын ықыласпен дәріс жүргізіп, дәрет алу әдебі, Құранды қатесіз әрі дұрыс оқу, намаз дұғаларын жаттау сынды негізгі діни білімдерді үйретуді бастады.
Ауыл тұрғындары мешітте осындай игі бастаманың қолға алынғанына қуанышын білдіріп, бұл бастама жастардың имандылыққа бет бұруына үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.