Талас: ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

Талас: ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қаратау қаласында Әбдібай ата мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы Карл Маркс атындағы орта мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында Асқарбек имам жастардың қоғамдағы рөлі, елдің дамуына қосар үлесі, ата-ана алдындағы міндеттері және жауапкершілік мәселелері жайында кеңінен баяндады. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың имандылыққа бет бұрып, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіруінің маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Мектеп басшылығы кездесудің пайдалы болғанын айтып, имамға алғыс білдірді.

Әбдібай ата мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: