Талас: БАЛА ТӘРБИЕСІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Талас: БАЛА ТӘРБИЕСІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәду Шәкіров ауылында "Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде кездесу өтті. Бұл кездесудің негізгі тақырыбы – бала тәрбиесі болды.

Бақдәулет имам өз сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды "Отбасы құндылығы жылы" деп жариялағанын атап өтіп, бала тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, бала тәрбиесін тек мектеп мұғалімдеріне жүктеп қою – ата-ананың ең үлкен қателігі екенін баса айтып, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін еске салды.

Жиын соңында мәдениет үйінің ұжымы имамға көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: