ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАДЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде өңірге қарасты қала және аудан бас имамдарына арналған жиын өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлының жетекшілігімен өткен жиналыста қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі көтерілді.

Жиында ауызашар ұйымдастыру, тарауих намазын өткізу, мешіт тазалығы, қайырымдылық шаралары сияқты маңызды бағыттар талқыланды. Сондай-ақ, жамағатқа тегін қоғамдық көлік ұйымдастыру, Құран хатым топтарын құру, мешіт асханаларындағы тағамдардың халал стандартқа сай болуын қадағалау секілді нақты тапсырмалар жүктелді​.

Бас имам қасиетті айдың жоғары деңгейде өтуі үшін мешіттердің әзірлігіне ерекше мән беріп, имамдар мен мешіт қызметкерлеріне тиісті жұмыстарды уақытылы атқаруды тапсырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: